Түркістан облысында ірі жол апаты болып, алты адам қаза тапты. Арасында кәмелет жасына толмағандары да бар. Тағы алты адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген. Қайғылы жағдай "Жетісай-Шардара" автожолының 172-ші шақырымында ақшам уақытында болған. Полицияның дерегінше, "Opel Vectra" автокөлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып, "Audi" автокөлігімен соқтығысқан. Екі көліктің де жүргізушісі бақилық болған.
ШАРДАРА АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ:
Шардара аудананда 2 көліктің қатысуымен жол апаты болды.Көлікте 12 адам болған. Оның ішінде 1 бала, 1 жасөспірім және 3 ересек адам апат орнында көз жұмған. 7 адам жедел жәрдем көлігімен Шардара аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Оның 2 -уі жансақтау бөліміне жатқызылды. Алайда біреуіне араша бола алмадық. Қалған 5 адам хирургия бөліміне жатқызылды.
А. Төребекқызы