Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО Мортық ауылында мал жаппай қырылып жатыр

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2021
  • 3108

Солтүстік Қазақстандағы Уәлиханов ауданының Мортық аулында мал жаппай қырылып жатыр. Белгісіз дерттен арам қатқан сиыр-бұқаларды ауыл тұрғындары телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады.

Бейнежазба авторы Бұйдамхан Әбдікерім 7 жыл бұрын "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасымен несие алып, мал басын көбейткен. Қазір оның қорасында  60-тан астам түлік бар.  Шаруаның айтуынша, жаздан бері ауылда белгісіз дерттен   20 сиыр өлген.  Облыстық ветеринария басқармасының өкілдері қан сараптамасын алып, зертханаға жіберген.  Оның нәтижесі әлі шыққан жоқ.  Ал жергілікті шаруалар  аурудың белгілері «Қарасан»-ға ұқсайды, дейді.

Бұйдамхан ӘБДІКЕРІМ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл қарасан менің малымды 3 жыл бұрын да өлтірген болатын. Мұның себебі бұл көктемде берілетін вакцина малдарға егілген жоқ. Сондықтан бұл ауру шығып отыр.

А. Құрманкин