Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада әлеуметтік дүкендер көбейеді

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2021
  • 1595

Қызылорда облысында әлеуметтік дүкендер көбеймек. Себебі, мұндай сауда орындарына тұрғындардың сұранысы артқан. Бұл «Nur Otan» партиясы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес жүргізген мониторинг  барысында белгілі болды. Қазір облыста  34 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр. Тағы 5 дүкен салу   мемлекеттік сатып алу шарттары жасалып жатыр.

Әбсадық ДӘУІТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Пенсионерміз ғой инвалид, үйде мамам инвалид, әйелім де инвалид. Осы жақтан аламыз постоянно. Нанды, рошкиді, сүтті, қатықты. Бәрі свежий. Мен просто қуанамын. Енді бір этаж емес, екі этаж болғаны жақсы ғой.


Мамандар әлеуметтік дүкендердегі өнімдердің бағасын қадағалау үшін күн сайын мониторинг жүргізеді. Кезекті бақылау барысында арнайы  сауда орындарындағы тауар құны  тұрақты екені байқалды.  Яғни, азық-түлік белгіленген бағада сатылуда. Сондай-ақ, алып сату фактілері тіркелмеген.  Өнімдерді барлық отбасына жеткізу мақсатында  тапшы тауарларға шектеу енгізілді. Әр  адам 2 келі-қант, 3 келі- картоп, 2 келі- сәбіз, 2 келі-тауық еті, 1 литр- өсімдік майын ғана ала алады.

Қожахмет ІЛИЯСОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

Дүкендерде 19 тауарлардың, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сапасын көрдік. Бір жағынан бағасын көрдік. Нарыққа қарағанда, сауда орындарына қарағанда баға әлдеқайда төмен екен. Сосын жаңа халықпен сөйлескенде халық айтып жатыр осындай тауарлар сатылса барлық жерде. Сосын айтып жатыр, білмей қалдық, бірінші рет келіп жатырмыз деп.

Д. Жарқынбек