Русский Сайттың толық нұсқасы

"Үздік 30 ауыл" альбомы жарыққа шықты

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2021
  • 1614

Елордада «Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомының таныстырылымы өтті. Оған зиялы қауым өкілдері қатысты. Альбом авторы - ақын Мұратхан Шоқан. Ол бұл еңбегінде туған жерге туын тігіп, ауылын көркейтуге өлшеусіз үлес қосып жүрген іскер азаматтарды дәріптеген. Мақсат - ауылға жанашыр азаматтарды, өскелең ұрпаққа өнеге ету, жастардың ауылға деген теріс пікірін түзету дейді. Туындысының мәнді болуы үшін, автор 1 ай үздіксіз ауыл-аймақты аралағанын айтты. Сондай-ақ, алдағы уақытта бұл еңбектің жалғасы болатынын уәде етті.

Мұратхан ШОҚАН, АҚЫН, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ауылдың тарихы айтылды. Тұтас ауылдағы, ауылдағы не бар, әлеуметік нысандардың барлығы фотолары салынды. Ауылдан шыққан тұлғалар деген бөлім ашылды. Бұл бөлімге ауылды көркейтіп отырған, ауылдан шыққан тұлғаларды таныстырдық.


Д. Жарқынбек