Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда бөбектің өліміне себепкер болған полицей қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2021
  • 1921

Қарағандыда 1 жастағы баланың өліміне себепкер болған полицей қамауға алынды. Тәртіп сақшысы жекеменшік автокөлігімен бағдаршамның сары түсіне өтіп кетіп, отбасымен келе жатқан көлікті соққан.  Жол көлік апатынан бөбек қаза тапты.

Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл оқиға түнде көше қиылысында болған. Алдын ала болжам бойынша 37 жастағы полицей өзінің «Мерседес» көлігімен жұмыстан үйіне қайтып бара жатып, жолда 29 жастағы азаматтың басқаруындағы «ВАЗ» автокөлігін соққан. Сақшы дін аман. Ал екінші көліктің жүргізушісі дәрігерлердің бақылауына алынды. Оның қасында болған әйелінің жағдайы ауыр. 27 жастағы келіншек ауыр ми жарақатымен жатқызылған. Өкпесі қысылып бірнеше жері сынған. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Полицейдің үстінен «абайсызда адам өліміне әкеліп соққан көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:


37 жастағы «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


А.Қуаш