Русский Сайттың толық нұсқасы

"Пандемия адамзатқа жаңа мүмкіндіктерді ұсынды",- Д. Назарбаева

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2021
  • 1175

Бүгін «Цифрлық трансформация және өмірдің жаңа сапасы» атты «OPEN MIND» ашық инновациялардың бірінші онлайн форумы басталды. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған форум қазанның 21-іне дейін жалғасады. Шара коронавирус пандемиясына байланысты әлемдегі  жедел цифрлық трансформация мәселелеріне арналған. Толғауы терең түйткілді Үкімет мүшелері, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, шетелдік цифрлық сервистерді әзірлеушілер мен  IT-компаниялардың басшылары талқылады. Форумның екінші күні стартап мәселесіне арналады. Бұған қоса, форум аясында Елбасы қорының «KazRoboProject-2021» байқауы мен «Smart Zholy» жобасының жеңімпаздары анықталады.Салтанатты  шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы   директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы ашты. Ол, қор директоры Дариға Назарбаеваның баяндамасын оқыды.

Әлкей МАРҒҰЛАНҰЛЫ, Н.НАЗАРБАЕВ ҚОРЫ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кез -келген дағдарыс секілді пандемия да адамзатқа сын-қатер ғана емес, жаңа мүмкіндіктерді де ұсынды. Ашық инновациялар форматы жеделдетілген цифрлық трансформация сияқты өзекті трендке айналды. Цифрландыру мен ашық инновациялар саласында белгілі қауіп-қатерлер де бар екенін түсінеміз. Қазір кәсіби ортада киберқауіпсіздік және жеке деректерді қорғау мәселелері жиі қозғалады. Электрондық коммуникация саласындағы осы айдағы оқиғалар мұның қаншалықты өзекті екенін көрсетті.

А. Базарбай