Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда 27 жастағы жігітті атып өлтірген қылмыскер 18 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2021
  • 3136

Павлодарда 27 жастағы жігітті атып өлтірген қылмыскерге сот үкім кесті. Аймақтың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, 55 жастағы қала тұрғынын 18 жылға соттады.

Агидель ИБРАЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Алқа билердің бір ауыз шешімімен В бұзақылық ниетпен адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге салайық, оқиға өткен жылы 16 қыркүйекте қаладағы солтүстік өндірістік аймақта болған еді. Жалақысының қалған бөлігін сұрауға келген жұмыскерді, жұмыс берушісінің танысы атып өлтірді. Жанжалдың шығуына қарыз болған 20 мың теңге себеп болған. Ақшасын сұраған жұмысшыға жұмыс беруші әлде бір танысын шықырған. Ол өзімен бірге аңшы мылтығын ала келіп, жанжал кезінде жас жігітті атып тастады. Бұны марқұмның жұмыс берушісі видеоға түсіріп тұрған. Оқ иығынан тиген. Жас жігіт алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Ө. Қуанар