Русский Сайттың толық нұсқасы

Кеңес дәуірі кезінде дін қайраткерлері де саяси қуғын-сүргінге ұшыраған

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2021
  • 3039

Кеңес дәуірі кезінде 290 дін қайраткері саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 52-ге жуығы бүгінге дейін ақталмаған. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда белгілі болды. Халқына қалтқысыз қызмет еткен ұлт қаймақтары арасында молдалар, имамдар және басқа да дін мамандары бар көрінеді. Дін өкілдері енді Президенттің бастамасымен олардың есімдерін анықтаған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай зерттеу жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырмақ.  

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ:

Дін қайраткерлерінің тізімін бердік. Оның ішінде 52-сі нақты осы күнге дейін ақталмаған тұлғаларымыз біздің. Қуғын – сүргінге ұшырағандарды ақтап алуға қатысты өзіміздің ұсынысымызды беру үшін жұмыс жасап жатырмыз.


Ә. Лесбек