Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда екі бірдей жатақхананың құрылысы кешеуілдеуде

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2021
  • 1218

Павлодарда жаңадан салынып жатқан екі бірдей жатақхананың құрылысы кешеуілдеуде. Былтыр тапсырылуы тиіс студенттер үйі әлі қолданысқа берілмеген. «Сақалды құрылыстың» жай күйімен аймаққа барған «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев танысты.  «Торайғыров» университеті жатақханасының  құрылысы 2019 жылы басталған. Мердігерлердің айтуынша,  жұмыстың жоспардан қалып қоюына пандемия  әсер еткен.

Ертарғын ШАХМАН, УНИВЕРСИТЕТ ПРОРЕКТОРЫ:

Мердігер бізге жатақхананы 30-желтоқсанға дейін тапсырамыз – деп уәде берді. Бізде кепілдік хаты мен кепілдік міндеттемесі бар. Сондықтан, жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталады деп ойлаймыз. Бұл -600 орынға арналған үлкен жатақхана.

Бейсен Ахметов атындағы педагогикалық колледжі жатақханасының да құрылысы  өте баяу жүруде. Жыл соңына дейін үлгермей қалуы мүмкін деген уайым бар дейді, "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев. Бұл студенттер үйі 200 орынға лайықталған.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өкінішке орай екі объектіні қарадым. Екеуі де желтоқсан айында мердігерлер тарапынан қолданысқа тапсырылады - деген қағазда жазылып тұр. Дегенмен де, ондай қыиндықтар туындап қалуы мүмкін  деп есептеймін. Сондықтан да қазірдің өзінде  мынау екі үлкен оқу орындарында жатақхананы қажет ететін жастарымыз өте көп. Қазір көріп тұрсыздар, жалдамалы пәтердің ақысы қымбаттап жатыр. Сондықтан да бұл мәселені уақытылы шешу аса маңызды деп есептейміз.

Ө. Қуанар