Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа мемлекеттік сапары аясында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында Қазақстан-Түрікмен стратегиялық әріптестігі мәселелері талқыланды. Саясат, сауда, көлік және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы айтылды. Сондай-ақ, екі ел басшысы Ахалтеке жылқысына арналған кешенде болды. Спорт кешенін аралау кезінде Түрікмен басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа асылтұқымды ақалтеке мен түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Мен бұл сыйлық үшін тағы да шын жүректен алғыс айтқым келді. Бұл- бауырлас түрікмен халқының достығының көрінісі.
Б. Сатуов