Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік азамат ауруханадан бала қарайтын дәрігер таппаған

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2021
  • 1626

Ақтөбе облысы  Байғанин ауданының тұрғыны науқас  баласын емдейтін дәрігер таппай, денсаулық сақтау министріне шағым айтты. Ерболат Шандин аудандық аурухананың жағдайын көрсетіп,  видео түсірген. Онда емдеу мекемесінде дәрігерлерді ұзақ іздегенін, ем алушыларға жағдай мүлдем жасалмағанын баяндайды.   

Ерболат ШАНДИН, БАЙҒАНИН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Баламызды әкелдік, міне 1 сағат өтті. Педиатр-врач келуден бас тартты, екінші врачты итпен әйтеуір үйтіп-бүйтіп алдырттық. Бала судорога ұстап жатқан уақытта ол қалай педиатр бас тартуы? Сосын аурухана мұндай болуы тиіс пе? Мына жерде ауруларды қабылдау дұрыс па? Мына жерде сүрінсең, бас жаруға мүмкіндік бар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар   тұрғынның шағымы негізсіз дейді. Басқарма басшысының орынбасары  Айгүл Күштаеваның айтуынша, науқас балаға кезекші дәрігер тиісті медициналық көмек көрсеткен. Ата-анасының қалауымен  бала Ақтөбедегі инфекциялық ауруханаға жеткізілген. Қазір жедел респираторлы вирусты инфекция жұқтыру диагнозымен ем қабылдап жатыр. Ал, аудандық ауруханадағы жөндеу жоспарға сай жүргізілуде. Бөлімшелер кезегімен жөндеуге жабылғанымен, науқастарды қабылдау жалғасып жатыр, деді денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Айгүл КҮШТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ  БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Бұл кезде емдеу мекемесінде жөндеу жұмысы жүріп жатқан кезде аурухананың басқа жағынан кіретін есігі болуы керек. Қай жақтан келгенін білмеймін ол кісінің, видеода көрсеткендей, жөндеу жұмысы жүріп жатқан есіктен кірген болуы керек. Сондықтан, осындай түсінбеушілік жағдай орын алған.

Г. Сейтенова