Қостанай
облысының тұрғыны Марат Бекенов көптен бері құны қымбат препараттарға қол
жеткізе алмай келеді. Билік партиясының қоғамдық қабылдауына жүгінген азаматтың
мәселесі бірден шешілді. Енді екінші топтағы мүгедек тиісті ем-дом
қабылдайды.
Қабылдауға келген аймақ
тұрғыны Марат Бекенов өзінің ауыр жағдайын айтып, жылына екі рет қабылдайтын
құны қымбат дәріні алып беруге көмек сұрады. Ал денсаулық сақтау
басқармасы басшысының орынбасары
Екатерина Слободенюк «СҚ-Фармация» компаниясының дер кезінде дәрі-дәрмек жеткізбейтіндігін мәлімдеді. Сондықтан
науқасқа қажет препаратты аудандық аурухана өз қаражатына сатып алатын болды.
Марат Бекенов, 2 топ мүгедегі:
Қымбат
дәрі. Астанада назначать еткен. Түсінем.
Сахарный диабеттің аппараты дұрыс жеткізілмей жатыр. Сосын системалар дұрыс
болмай жатыр. «Нұр Отанға» келген соң,
олар қимылдай бастады. Тапты.Қазір хабарласып жатыр, дайын болды ауруханаға кел деп.
Екатерина Слободенюк, Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Бұл
препарат дәрі-дәрмектердің бірыңғай
дистрибьютері «СҚ-Фармация» компаниясының
тізімінде. Кестеге сәйкес, тегін дәрі бізге жеткізілуі тиіс. Бірақ әлі күнге дейін әкелген жоқ. Сондықтан Қостанай аудандық орталық
ауруханасы өз қаражатына сатып алды.
Қоғамдық
қабылдауға соңғы алты айда аймақ тұрғындарынан 4 мыңға жуық өтініш түскен. Соның
1358 оңтайлы шешімін тапқан. Қабылдауға
келгендердің басым бөлігі
әлеуметтік сұрақтар бойынша жүгініпті.