Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттегі мектептердің бірінде балалардың астан ұшынғаны рас па?

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2021
  • 2073

Шымкенттегі бір мектептің  ата-аналары  баламыз асханада ішкен тамақтан ұшынды деп күдіктенеді.  Арнамызға шағымданған олар,  білім ошағындағы буфетте санитарлық талаптар сақталмаған дейді.   Ал асхана жұмысын жүргізіп отырған жеке кәсіпкер мұнымен келіспейді, оның басқа себебі бар  екенін айтады.   Балалардың астан ұшынғаны рас па?    Тілшіміз  Айзада Төребекқызы жағдайды көзбен көріп қайтты.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бұл мектепте шағын асхананың ашылғанына көп бола қоймапты. 13-қазаннан бері ғана жұмыс істеп тұр. Ыстық тамақ берілетін орын үлкен емес, небәрі 40-ақ шаршы метр.

Шағын бөлменің бір бөлігінде ас әзірленіп, ыдыс жуылады. Екінші жағына оқушыларға арнап бес үстел қойылған. Ата-аналарға бұл ұнамайды. Санитарлық талапқа сай емес дейді. Ас мәзіріне де көңіліміз толмай жүр деген ата-ана буфеттің әрі қарай жұмыс істеуіне қарсы екенін ашық айтты. Балаларымыз бірінен кейін бірі ауырып жатыр дейді.

Назира БЕЙІМБЕТОВА, АТА-АНА:

Осы мектеп үш балам тамақтанады. Тамақ басталғалы бір аптадан кейін кішкентайларым ауырды. Іштері өтіп, мазасызданып. Қазір  бір балам температурасы көтеріліп кешелі бері ауырып жатыр. Құсып, дірілдей ма білмедім неге екенін? Кеше сол больницаға апарып келдім.  Диагноз: сәл асқазан бұзылған, деді.

     
Ақбөпе ЕНЖАНОВА, АТА-АНА:

Екі баламда ауырып, анықтама қолымда, өткізейін деп тұрмын. Бір балам қайтадан анықтамалық қағазға шықты. Бұл кісі жылы сорпа берген, артынан мұздай «буратино» берген. Қайтадан суық су ішіп бала  ауырып жатыр. Енді мынандай салада мен баламды тамақтандыра алмайм. Маған оданда өзінің шоттарына ақша түсіп, үйден күніге тамағын ап бергенім пайдалы.

Шағын асхана іске қосылғалы мектепке алғаш кіріп отырған ата-аналардың бірі қабырғадағы мәзірді көріп таңданысын жасыра алмады.  

Шайзада РАХМЕТОВА, АТА-АНА:

Бала дұрыс, мектепте жесін. Ет асып берсін демейміз. Просто баланың тамақ ішкенде ол ішетіндей тамақ берсін дейм да. Мысалы басқа мектептерде палау беріп жатыр.  Әлі палау жеген жоқ балалар, мына жерде басқаша меню тұр да енді.

Ал тендерде ұтқан жеке кәсіпкер балаларды тамақтандыруда 15 жылдық тәжірибесі барын алға тартты. Мәзір талапқа сай екеніне  сенімді.  

Қаламқас ӘБИЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Біз по меню істеп жатырмыз. Қай күні лағмен беріп жатырмыз, енді палау..палау менюда ертең мысалы. Мен берем. Білмейм, осы үш апай ғой келіп жатқан. Бұлар просто үйреніп қалған налично алғанға, енді сол содан басталды ғой. Мен енді көрейін, өйткені мен договорға жаңа жылға дейін тұрғам.

№ 95 мектепте 800 дей бала бар. Соның 433-і бір мезгіл тегін ыстық тамақ  ішеді. Ыңғайластырылған мектепте басы артық бөлме жоқ. Сондықтан асты 40-50 баладан бөлініп, кезектесіп  ішетін көрінеді.    

Айман ҚАМБАРОВА, №95 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мектептегі ең үлкен деген сыныпты бердік. Оның қасына өзінің пищиблогын дайындап бердік қосымша. Осы бойынша осы мектепте біз қалып кетпейтін шығармыз деп мен ойлаймын. Себебі қалалық білім бөлімі мектепке жер қатынастары бөліміне құжат түсіріп қойған.


Үш мыңнан астам тұрғыны бар елдімекен бұрын саяжай болған.  Алғашқыда мектепте 87 ғана бала болыпты.  Қазір оқушы саны одан  он есе артық.  Мектеп басшылығы оқушылардың барлығына  ыстық тамақ бергісі келеді. Сол үшін  жаңа мектеп тезірек салынса екені дейді.   

А. Төребекқызы