Русский Сайттың толық нұсқасы

30-дан астам лауазымды тұлға бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2021
  • 3469

Бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен 30-дан астам лауазымды тұлға ұсталды. Олар-ауыл шаруашылығы министрлігінің өңірлердегі бөлімшелері мен жергілікті әкімдік қызметкерлері.  Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді. Оның айтуынша, қылмыстық топтар арнайы операция барысында  әшкереленген. Жемқорлық фактісі Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында анықталған.

Шыңғыс ӘЛЕКЕШЕВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:

Олар субсидиялауға бөлінген қаражатты жымқырумен айналысқан, кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара мен заңсыз сыйақы алудың жемқорлық схемасын ұйымдастырған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдер алынды. Қылмысқа қатысы бар 30-дан астам адам анықталды, олардың көпшілігі қазір кінәсін толық мойындап, тергеу тобымен ынтымақтастық орнатуда.

Б. Сатуов