Русский Сайттың толық нұсқасы

Полицейлердің өрескел қылықтары әлеуметтік желі қолданушыларын екіге бөлді

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2021
  • 1210

Әлеуметтік желілерде тараған полицейлердің дөрекіліктері желі қолданушыларын екі топқа бөлді. Қарағанды облысында тәртіп сақшыларының аузына "ақ ит кіріп, көк ит шыққаны" жарияланды.

Жергілікті департаментің хабарлауынша, бұл - Приозерск қаласының полицейлері мен жол ережесін бұзушы арасындағы конфликт. Кім кімнің ашуына тигені бейнежазбада ашып көрсетілмеген.  Полиция департаментінің хабарлауынша, видео авторларының бірі 44 жастағы жүргізуші жол ережесін бұзып, өзіне ескерту жасаған полиция қызметкерлерін әдейі арандатқан.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Сарышаған ауылының маңында болған. «Тойота Альфард» көлігінің 44 жастағы жүргізушісі жол қауіпсіздігін сақтамастан жолдың қарсы бетіне өтіп «Тойота Камри» көлігіне апаттық жағдай тудырған. Онда Приозерск қаласына қызметке бара жатқан полицейлер болған. Олар заң бұзушыны тоқтатады. Ал ол азамат айқайлап, телефонына түсіріп әдейі арандатуға барған. Заң бұзушыға жер кезінде шара қолданбағаны және ашуға беріліп этиканы бұзғаны үшін аталған полиция қызметкерлері мен олардың жетекшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ал, Алматы облысында полиция қызметкері, көлігімді сырдың деген азаматты жекпе-жекке шақырып жүр.

Бейнежазба авторының айтуынша, полицияның қызметтік көлігі жол апаты орнынан ізін жасырмақ болған. Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі адамдарды ерегіске, төбелеске итермелеп іріткі салатын, арандататын блогерсымақтар көбейгенін айтса, екіншісі да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этиканы сақтауы тиіс дейді.

А. Қуаш