Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы азаматтарды Сирияға баруға үгіттегені үшін 5 жылға сотталды. Істі Сайрам аудандық соты қарап, 27 жастағы айыпталушыға жаза кесті.
Салтанат Қабылова, Сайрам аудандық сотының судьясы:
Кадирахунов
Абилкасим Абдынабиевич ҚР ҚК 256 баптың
2 бөлігімен қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен қаражатқа сатып
алынған мүлік тәркіленіп, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы
тағайындалсын. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік
мекемелерінде өтесін.
Тергеу
барысында келтірілген деректерге сүйенсек, әлеуметтік парақшасы арқылы біраз
уақыттан бері терроризмді насихаттап келген. Ғаламтор пайдаланушыларын Таяу
Шығыс пен Сирияда жиһад жасап, экстремистік топтарға қолдау көрсетуге шақырған.