Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысы тұрғынын азаптап өлтірді деген күдікпен шетелдік қос азамат ұсталды

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2021
  • 1338

Алматы облысында 45 жастағы тұрғынды азаптап өлтірді деген күдікпен шетелдік қос азамат ұсталды. Полиция Департаменті олардың Өзбекстан мен Тәжікстан елінің азаматтары екенін мәлімдеді. Жауап алу кезінде екеуі де қылмысты жасағандарын мойындаған.

Оқиға Қосөзен ауылындағы үйлердің бірінде болған. Күдіктілер полицияға тұрғынмен алғашында сөзге келіп қалғандарын айтқан. Артынша оны ұрып-соққан. Онымен қоймай қылмыстарын жасырмақ болыпты.  Марқұм көрші Жәпек батыр ауылынан екенін полиция анықтаған. Күдіктілер қазір уақытша қамау изоляторына қамалды.  

Абылай АХМЕТОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД ІЛЕ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕРГЕУШІСІ:

Жедел іздестіру барысында Өзбекстан мен Тәжікстан елінің азаматтары қолға түсті. Олардың көрші елден табыс табу үшін келгендері белгілі болды. Күдіктілерге қатысты қазіргі таңда Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу басталды.

Ә. Лесбек