Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте жастардың 7,3 пайызының тұрақты жұмысы жоқ,- Nur Otan

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2021
  • 1472

Дипломы бола тұра жұмыссыз. Шымкентте жастардың 7,3 пайызының тұрақты жұмысы жоқ. Қоғамдағы өзекті мәселе бүгін «Nur Otan» партиясының өкілдері мен жасотандықтар бірлескен жиында сөз болды. Шараның мақсаты жұмыссыздықты азайту. Басқосуға әр саланың өкілі қонақ ретінде қатысты. Олардың дені өз мамандығы бойынша еңбек етіп жүрмегендерін мысал етті. Кәсіпкер, құрылысшы, өнер адамдары өздерінің қазіргі саласына қалай бет бұрғанын әңгімелей келе, ең әуелі жастар мамандық таңдауда қателеспеуі керек деді. Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева да, дипломның қайырын көрмей жүргендердің барын мойындайды. Дені сұраныс жоқ мамандықты оқып шығатынын дәйек қылды. Сондықтан нағыз маман жұмыссыз қалмайтынын білуі керек, деді. Айта кетейік, елдегі үшінші мегаполис халқының 23 пайызын жас буын құрайды.

Жанар БЕКТАЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір көптеген мемлекеттік бағдарламалар насихаттап жатырмыз. яғни қосымша кез келген мамандықты оқып, курстар ашып, шағын және орта бизнесте берілетін гранттарды насихаттап жатырмыз. Атамекендегі оқулар, семинарларға қатысуға шақырып жатырмыз. Және де мектеп бітіре салысымен мамандықты дұрыс таңдау. Қазіргі замандағы сұраныстағы мамандықтарды таңдау.

А. Төребекқызы