Русский Сайттың толық нұсқасы

Рақымшылық: мыңнан астам адам бостандыққа шығады

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2021
  • 1588

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жазасын өтеп жатқан мыңнан астам адам бостандыққа шығады. Бұл туралы    Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, рақымшылыққа аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар ілігеді. Министрдің мәліметінше  қазір отыз төрт мың адам темір тордың ар жағында отыр.   

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Жоба бойынша 2 236 сотталушыға, 11 310 пробациялық бақылауда тұрған адамға рақымшылық жасалады. Нәтижесінде 1000 адам қамаудан бостандыққа шығады, 3 818 адам пробациялық бақылаудан босатылады.

Құзырлылардың айтуынша, бюджет қаражатын қолды еткендер де амнистияға ілігуі әбден мүмкін.  Бірақ депутат Азат Перуашов жемқорлық бойынша сотталғандарға  кешірім бермеу керек дейді.

Азат ПЕРУАШОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АҚ ЖОЛ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Меніңше, жемқорлық үшін сотталған, әсіресе, қыруар қаржы ұрлағандарды бостандыққа шығармауымыз керек. Бұл бұрынғы мемлекеттік лауазымдарда отырған экс-шенеуніктерге қатысты. Халықтың ақшасын ұрлағандарға аяушылық болмауы тиіс.


Б. Сатуов