Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында полиция қызметкері өзі тұратын үйдің шатырын мұражайға айналдырған

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2021
  • 1900

Түркістан облысында полиция қызметкері үйінің шатырын мұражайға айналдырған. Шағын ғана аумақтан кеңес заманында қолданылған дүниелердің  түр-түрін табуға болады.

42 жастағы полицейдің үйінде ескі монеталардан бастап тұрмыстық бұйымдардың сан алуан түрін көресің. Мыңға тарта тиындар мен байырғы телефондар, тігін машиналары да бар. Көне фотоаппараттар, қол сағаттар,  радио, аудио және видеомагнитафондардың түрі тым көп. Сайрам ауданының тұрғыны Сухраб Ирназаров көне бұйымдарды жинауды әуес қылғанына жеті жылдай болыпты. Көрші-қолаңдары да полицейдің бұл хоббиінен хабарсыз екен.  

Сухраб ИРНАЗАРОВ, САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
Басында негізі фотоаппараттан бастағанмын. Сол үшін ең көбі-фотоаппарат, шамамен 250-ден артық тұр. Одан кейін радиоға өттім. Әрі қарай бір затты алып, екінші зат қосылып, үлкен бір осындай коллекция болып отыр.

Көне заттарды жинаушы полицей ескі дүниелерді кей кезде қоқыстардан да алып жататынын айтады. Ал таныстарда сирек заттар барын естісем бірден сатып аламын деді әңгіме барысында. Бала күнінен көне заттарға қатты қызығатынын айтқан ол, алдағы уақытта құжаттандырып, үлкейтуді жоспарлап отыр.

А. Төребекқызы