Русский Сайттың толық нұсқасы

Сотталушыны соққыға жыққан абақты қызметкерлерін енді прокуратура тексереді

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2021
  • 2215

Орал қаласындағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеушіні соққыға жыққан абақты қызметкерлерін енді прокуратура тексереді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті хабарлады.
Құзырлылардың дерегінше, жазасын өтеушінің камерасын тексерген кезде ұялы телефон табылған. Оның қайдан әкелінгенін анықтамақ болған, абақты қызметкерлерінесотталушы қарсы шыққан көрінеді.  Өзінің қарнын жарып, шу шығарған. Онымен қоймай туыстарына өзін түрме қызметкерлері аяусыз ұрып-соқты деп шағымданғанын айтты. Шы шығарған жазасын өтеуші танысымен бірге қыз зорламақ болғаны үшін аыпталып, он жылға сотталған.

Дариға МӘЖИТОВА, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Осы оқиға бойынша Қылмыстық Кодекстің 105-бабы бойынша, яғни, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегімен қылмыстық іс қозғалды. 2-қарашада облыстық Полиция департаменті мұны басқа бапқа, яғни, азаптау бойынша 146-бапқа өзгерту туралы шешім қабылдады. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін бұл іс прокуратураға берілді.

Е. Карин