Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауғанстанда дәрігерлер 6 айдан бері жалақы көрмеген

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2021
  • 1891

Ауғанстанда жағдай ушықты. Елді аштық пен жұмыссыздық жайлады. Аштықтан қалжыраған балалар көбейген. Ал дәрігерлер жарты жылдан бері жалақы ала алмай отыр. Кедейліктен адамдар кәмелетке толмаған қыздарын сатуға мәжбүр. БҰҰ әлемдік қауымдастықты жұмыла көмек көрсетуге шақырады.

Ауғанстанда аштықтан қалжырап ауруханаға түскен балалар көп. Ал дәрігерлер болса жарты жыл бойы жалақы алмаған. Ақ халаттылардың айтуынша, тәліптер тағайындаған аурухана меңгерушісінің қаржылық сауаттылығы жоқ, тіпті бұл саланы қалай басқаратынын да білмейді.

Гузь НАЗАР, ДӘРІГЕР:

Жалақы жоқ, жұмысқа шықпайық десек, бұдан басқа айналысатын шаруамыз жоқ. Болған күнде қазір еш жерде ақша төленбейді.

Халық жаңа билік елді дағдарыстан шығара алмайтынын айтып, әлемнен көмек сұрайды.

Абдулазиз, САТУШЫ:

Тәліптер 20 жыл шөл дала мен тауларда соғысып жүрді. Енді Президент кабинетіне топ ете қалды. Егер БҰҰ мен Ауғанстанға көмектесіп келген елдер тәліптерге көмектеспесе олар ресми қызметкерлер мен азаматтарға қалай жалақы төлейді? Олар жұрттың басына тағы да қара бұлт үйірді. Адамдарды шоқпармен ұрып, сабай бастайды. Халық мұны қаламайды.


Өзбекстанда Ауғанстанға азық- түлік таситын қойма бар. Алайда гуманитарлық көмек тым кеш келіп жатыр. Ауғанстанның кеден бекеттері көліктерді көп бөгеп  барып, жібереді.

Рафик ХУДЖАКОВ, ЖҮРГІЗУШІ:

Тәліптер заңды өзгертті. Бұрын 3 күнде жетсек қазір апталап тұрамыз. Билік ауысқалы өте қиын болып кетті. Олар компьютерді түсінбейді. Көп тексереді.


Кеден басшылары болса мұны жоққа шығарды.  

Абсулсаттар РАШИД, ХАЙРАТОН КЕДЕНІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Шекарадағы бөгеттер туралы өсек таратып жүргендер-  Ауғанстанның жаңа үкіметінің дұшпандары. Мұның бәрі өтірік.

БҰҰ мәліметінше Ауғанстан халқының тең жартысы кешікпей аштыққа тап болады. 5 жасқа дейінгі млн- даған бала қаза табуы мүмкін. Адамдар нәубеттен құтылу үшін кішкентай қыздарын сатуға көшкен. Елге толық көмек беру үшін БҰҰ –ның азық- түлік бағдарламасына ай сайын 230 млн доллар қажет. Бүгінде бұл жобаның 3 –тен бір бөлігі ғана қаржыландырылады. БҰҰ әлемдік қауымдастықтан көмек сұрайды.

А. Қуаш