Русский Сайттың толық нұсқасы

Түстен кейін оянған министрлік: кімнің жемқор екенін білмейді

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2021
  • 1969

Түстен кейін оянған министрлік. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері субсидиялауға бөлінген қаражатты жымқырды деген қылмыстық іске қатысты бүгін пікір білдірді. Басшының өзі емес, кеңесшісі БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Төлеутай Рахымбековтің айтуынша, министрлік антикормен бірлесіп жемқорлыққа қатысты тексерісті жазда бастаған. Ал, күдікке іліккен 7 облыс пен 2 қаланың 30-дан астам лауазымды тұлғасы туралы, білмейтін болып шықты. Бұл ақпаратты әлеуметтік желіде оқып білдік, дейді.

Төлеутай РАХЫМБЕКОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Бірден айта кетейін, ол енді құқық қорғау органдарының жұмысы, ол - бір. Екіншіден, жаңа өзіңіз айтып өткен  облыс басқармаларының басшылары ма, жоқ мамандары ма аудан бөлімінің басшылары ма ол енді әкімдердің қызметкерлері.

Министрліктің су жаңа құрамы субсидиялау тетіктерін жетілдіру бойынша кем-кетік тұстардың барын жасырмайды. Олқылықтары жою үшін жұмыс істеп жатқандарын айтты. Ол үшін ең алдымен, субсидиялау жүйесін оңтайландыру керек деп отыр.

А. Данияр