Күнгейде қаржылық пирамидаға ақша құйып, аузы күйген жұрт, соттың Түркістанда өтуіне қарсы. Алданғандардың басым бөлігі мақталы өңірдің тұрғыны болғандықтан, қылмыстық іс тергеу жүрген Жетісай қаласында қаралсын деп талап етті. Салымшылар Мақтаарал ауданы мен Түркістанның арасы тым шалғай, ал онлайн қатысу тиімсіз деп отыр.
ЖӘБІРЛЕНУШІ:
Мысалы біздер границада тұрамыз. Бізде интернет жақсы ұстамайды да, ол жағында қарау керек қой. Қалайша олар онлайн арқылы дейді. онлайн арқылы қатысып та көріп жатырмыз. тыңдап та жатқан жоқ айтқанымызды, өшіріп тастайды.
Бұл жиынға олар полиция, сот, прокуратура өкілдерін шақырған. Бірақ ешқайсысы төбе көрсетпеді. Топтасқандар өз талаптарын билікке жеткізуге тырысты. Олар сотта жәбірленушілерден гөрі сотқа тартылып жатқандардың сөзі көбірек тыңдалып жатыр деді. Жиналғандар екі бірдей қаржылық ұйымға ақша құйған. Кемі екі мың адамбыз деді. Салған ақшаң бес айда екі еселенеді дегенге иланған.
ЖӘБІРЛЕНУШІ:
Бізге финансовый пирамида деп айтқан жоқ, лично маған. –Сөйтіп айтпады ғой?..-иә-иә..Бізге бәрімізге сетевой маркетинг деп айтты ғой, біз Бады бар, оборотта товар оборот бар компанияда деп сендік, түсіндіңіздер ма.
Айтуларынша, көпшілігі несие алып ақша салған. Бұл жерде банк өкілдерінің де қатысы бар деп санайды. Өйткені айлық жалақысынан әлдеқайда көп несие рәсімделіпті.
Айжан КЕТЕБАЕВА, ЗАҢГЕР:
Жеке менің заңгер ретінде талабым: төлем қабілеттілігі жетпейтін азаматтарға не себепті жоғары кредиттер берілген? Сондықтан Ұлттық банктің қаржы нарығын реттеу агенттігі тарапынан болсын, головнойлардың тараптарынан болсын осы кредиттер бойынша әр азаматтың кредиті бойынша жеке жергілікті жердегі филиалдарында қызметтік тексеріс жүргізуін талап етеміз.
А. Төребекқызы