Русский Сайттың толық нұсқасы

Nur Otan: "Жан шуақ" сыйлығының иегерлері анықталды

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2021
  • 1575

Елордада «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Акцияға еліміздің мәдени, спорт және қоғамдық өміріне белсене атсалысқан мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Іс-шара «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылған. Салтанатты рәсімде әріптесім Динара Жарқынбек болып қайтты.

«Nur Otan» Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, ерекше жандарға арнап осы жылы 4 мың нысанға бейімдеу жұмыстары жасалған.  Бұл жылы 17 өңірден 58 адам ұсынылды. «Жан шуақ» сыйлығы дәстүрден жаңылмай 7 аталым бойынша табысталды.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


2014 жылы Елбасы, партия басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сол кезде сьезд алаңында біз ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдаймыз деп тапсырма берді. Соның аясында жүйелі түрде қолға алу үшін біз "Келешек" жобаны бастадық. Президентіміз Қ.Тоқаев сайлау кезінде «Nur Otan» партиясының бағдарламасын ұсынған кезде "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты бағдарламада  22 мың әртүрлі нысан бейімделіп, осы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау керектігін айтты. Осы жылдың өзінде 4 мың нысан салу Қазақстан бойынша бейімделді.

Жобаның аясында 40 мыңға жуық азамат жұмысқа орналастырылды. "Болашақ" қорының қолдауымен 43 инклюзивті білім беру кабинеті ашылды. «Nur Otan» «Барлық балаға – бірдей мүмкіндік» қағидасын жүзеге асыра отырып, еліміздегі колледждер мен жоғары оқу орындарында, сондай-ақ мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың 70%-ында инклюзивті білім беруді енгізуді қамтамасыз етпек.

Жанат ОМАРБЕКОВА, ҚАЗАҚСТАН МҮГЕДЕКТЕР КОНФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазіргі таңда ерекше қажеттілігі бар жандардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін,  көптеген жобалар жасалып жатыр. Расымен де оларға құқығын қорғау мақсатында инклюзивті білім алуға жағдай жасалды. Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инклюзивті білімді қолдады және ерекше жандарға  әлеуметтік кәсіп ашуға, қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндіктер туады.

Қатысушылар алдағы уақытта да қоғам өміріне белсене араласып, елге еңбек сіңіреміз дейді. Мәселен, номинаттардың бірі Гүлмира Пармышева ерекше баланы асырап отырған ана. Ол мүмкіндігі шектеулі балалар үшін 2018 жылы «Kishkentai» жобасын ойлап тапқан. Нақтырақ айтсақ ерекше балаларды дамытуға арналған ойыншықтарды жасаып шығарады. Одан бөлек жоба авторы айрықша азаматтарды жұмыспен қамтып отыр.

Гүлмира ПАРМЫШЕВА, ЖЕҢІМПАЗ:

Нарыққа әдемі, үй жағдайында айналысып, баланың тілін дамытып кетуге бағытталған ойыншықтар шығарып бүгінгі  таңда жоғары бағаланып отырғанына қуаныштымын. Бүкіл қзімнің командама Кішкентай деп ат қойдым. Алғысымды білдіремін, мен оларсыз бұндай жетістікке жетпес едім. Рахмет.

Айта кетейік, бүгінде елімізде ерекше қажеттіліктері бар 700 мыңнан астам азамат тұрады. Оның 14% кәмелетке толмаған балалар. Тұрақты күтімді қажет ететін және жеке көмекшінің қызметін пайдаланбайтын мүгедектіктің бірінші тобы бар барлық азаматтарға қосымша әлеуметтік жәрдемақы беріледі. Бұл - партияның сайлауалды бағдарламасына сай қолға алынған. Оған қоса 2025 жылға қарай мүгедектігі бар адамдар 100% қажетті техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Д. Жарқынбек