Ал Оралда елімізде заңсыз жүрген 50 ресейлік көлік айып тұрағына қамалды. Оларды тәртіп сақшылары облыс орталығында жүргізілген рейд барысында анықтаған. Бірақ машинасынан айрылған жүргізушілер бұған наразы.
Көлік иелері ішкі істер министрлігіне хат жолдаған. 500-дей жүргізуші қол қойған үшбу хатта ресейлік көліктерді рәсімдеу үшін уақыт керек екені, сол үшін халыққа мүмкіндік беруді сұраған. Осыған орай облыстық полиция департаментінен толық ақпарат сұраған едік. Өңірде қанша ресейлік көлік бар, олардың қаншасы заңсыз жүр деген сұрақтарға біз де жауап ала алмадық.
Е. Карин