Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл соңына дейін мүгедек балаларға арналған 8 оңалту орталығы ашылады

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2021
  • 1960

Елімізде жыл соңына дейін жарымжан арналған балаларға 8 оңалту орталығы ашылады. Мекемелер Нұрсұлтан Назарбаев қорының көмегімен тегін қызмет көрсетпек. Тек биылғы жылы орталықтарда 4 мың жасөспірім ем алған. Соның нәтижесінде 400-ден аса бала алғашқы қадамын жасап, өздігіне жүре бастапты.

Жансая «Қамқорлық» орталығына үшінші рет оңалтуға келіп жүр. Жасы 14-те. 7-сыныпта инклюзивті бағдарлама бойынша оқиды. Әр сабағын қалдырмауға тырысады.

Жанар КҮЛІКОВА, ЖАНСАЯНЫҢ АНАСЫ:

Үшінші рет келіп тұрмыз. Бізге өте ұнайды. Қызым Жансаяғада ұнайды. Мамандар өте жақсы. Мында ДЦП балаларға құрылғылар көп.

Елордағы орталық күн сайын 600 баланы қабылдайды. Нұрсұлтан Назарбаев қорының көмегімен өткен жылы желтоқсан айында осындай 8 бірдей оаңалту мекемесі ашылған. Оңалту жұмыстары тегін көрсетіледі. Мұнда келген әр балаға білікті мамандар денсаулығын жақсартуға  барынша қол ұшын беруде.

Арайлым ЕРКІНОВА, «ҚАМҚОРЛЫҚ ҚОРЫ» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

426 бала алғашқы қадам жасады. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Жұмысымыздың жемісі деп те айтсақ болады. Осы арқылы балалар аулада қыдыруға, өз аяғымен мектепке баруға мүмкіндік алды. Бұл «Қамқорлық» қорының басты мақсаты.


Орталықтағы мамандардың барлығы өз саласының үздіктері. Бүгін олар біліктілігін арттыру курсынан өтті. Оған "Қамқорлық" орталығының БҚО, Қостанай, Атырау облыстары мен Елордағы 35 қызметкері қатысты. Дәріс берушілер арнайы Мәскеуден келді.  
 
Галина КОВАЛЕВА, ТӘЛІМГЕР:

Әрбір маманның алған білімін халықаралық тілге аудару керек. Және белгілі бір домендермен шифрлап, ұпайлармен бағалау үшін халықаралық денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген арнайы құрал бар. Соның көмегімен біліктілікті арттыру курстарын жинақтауға болады.

Мәскеулік маман бұл нұқсаулық арқылы дәрігерлер, тәжірбие алмасуға болатын айтады.
 
Тәлімгер бұдан әрі қарай Тараз қаласындағы оңалту орталығына барады. Жақын күндері ел бойынша тағы 8 орталық ашылмақшы. Оның алтауы ауруды ерте бастан емдеуге арналған.

Ө. Қуанар