Русский Сайттың толық нұсқасы

Литвалық мұғалімнің қазақ тіліне құрметі ерекше

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2021
  • 1509

Елордада тұратын литвалық азамат- Бронислав Бугинастың қазақ тіліне деген құрметі ерекше. Ұлты басқа болса да, жүрегі қазақ деп соғатын ол балаларды музыка арқылы отансүйгіштікке, мемлекеттік тілді үйренуге баулып жүр.   

Бронислав БУГИНАС, МУЗЫКАНТ:

Еуропалық мұғалім қазақша ән айтуды үйретсе, домбыраны қолға алсам, балалардың көздерінде ерекше  қызығушылық пайда болады:  бұл қалай?дегендей. Ағай қазақ емес қой , бірақ сөйлей алады! Балалар ғана емес, олардың ата-аналары да ынталанады.  


Музыка арқылы  қазақ тілі мен оның  мәдениетін тануға  болады музыкант. Айтуынша, оның тағдыры қазақ халқымен тығыз байланысты.  Қуғын-сүргін кезінде Жезқазғанға   жер аударылған  отбасында дүниеге келген.   Бронислав Бугинас бұл жай   кездейсоқтық емес дейді.

Бронислав БУГИНАС, МУЗЫКАНТ:

Бугинас екі сөзден тұрады - "bugin" "as". Мен оның қалай болғанын білмеймін. Адамдардың бәрі ағайын деп айтады ғой.  Мүмкін, қандай да бір байланыс бар шығар. Қазақ халқында Сәуле деген сөз – күннің нұры. Ал, литвалықтар үшін  Сәуле – күн. Бұл қайдан келді?


Ә. Дүкембаева