Русский Сайттың толық нұсқасы

Шенеуніктерден құралған қылмыстық топ ұсталды

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2021
  • 1566

Көлік комитетінің лауазымды тұлғалары қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, олар жалған техникалық байқау құжаттарын жасаумен айналысқан. Бұл іске қатысы бар 30 адам  анықталды. Инспекцияның бұрынғы бастығы сот шешімімен қамауға алынған. Автокөліктің техникалық тексеру  құжаттары жалған тұлғалар арқылы жүргізіліпті.  Олар республика бойынша 28  заңсыз фирма ашқан. Тексеру кезінде ол жерлерде техникалық байқау жүргізетін бірде-бір ғимарат, тіпті тиісті мамандар болмай шықты. Ұйымдасқан  топ 2017 жылдан бері  260 мыңнан астам  диагностикалық карта жасаған. Сол арқылы  жарты миллиард теңгеден астам пайда тапқан. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Агенттік  алаяқтардың жасаған құжаттарын пайдаланып жүргендер  де қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

А. Данияр