Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавл қаласының айналасы өртенді

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2021
  • 1452

Қызылжарда дала өрті жиілеп тұр. Облыс орталығының маңайындағы қамыс пен қураған шөп  бірнеше күннен бері жанып жатыр. Тіпті от тұрғын үйлерге  жақындаған. Осыған  алаңдаған жұрт оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде  жариялап, дабыл қағуда.   Құзырлы органдардың ресми мәліметінше, тек бір тәуліктің ішінде 70 гектар аумақ күлге айналған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Бүгін түнде   қар жауып, тілсіз жау  ауыздықталған. Ал өрттің шығу себебі әзірге анықталған жоқ. Мамандардың айтуынша, диқандар топырақтың құнарлығын арттыру үшін  қураған шөпті  өртеген болуы мүмкін деген болжам бар.

Руслан БАЗАРБАЕВ, СҚО ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІ:

Кезекші тәулікте облыс бойынша 18 жедел шығу болған. Оның ішінде екі апаттан құтқару жұмыстары, Мүсірепов ауданындағы 1 өрт және 9 шығу ол қамыс пен шөптің жануы. Ең ірісі Қызылжар  ауданы Пеньков ауылының маңайында 42 гектарға тараған құрғақ шөп пен қамыстың жануы болды.

А. Құрманкин