Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2017
  • 3232

Бүгін Қызылордадағы нөмері 287 орта мектепте мұғалімдер үшін ашық сабақ өтті.  «Арай» бастауыш партия ұйымындағы бас тақырып - «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Елбасы мақаласы. Онда бәсекеге қабілетті тұлғаның қалыптасуындағы мұғалімнің рөлі айтылды. Парламент мәжілісінің депутаттары ұстаздарға әлеуметтік салаға қатысты қаралып жатқан, қабылданған заңдарды да таныстырп, өзара талқыға салды.

Наталья Жұмаділдаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Бізде әлеуметтік салаға қатысты 15 заң жобасы қаралды. Олар денсаулық сақтау саласындағы міндетті медициналық сақтандыру мәселесіне, білім беру саласындағы спорт және дене шынықтыру мәселелеріне қатысты заң жобалары. Бүгін Елбасы мақаласына қатысты өткен кездесу өткізуіміз бекер емес. Мақаланың бірінші және екінші тарауында көзделген бағыттарды енгізу жолында үлкен салмақ осы мұғалімдерге түседі.

Шәріп Абдірахманов, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған барлық тақырыптарға тоқталып өттік. Біз өзіміздің дәстүрімізді ұлттық, мәдениетімізді, әдебиетімізді ұмытпауымыз керек. Соны дамытуға бағытталған жұмыстарды жүргізуіміз керек. Жастар арасында, балалар арасында осы бағыттағы тәрбиені біз жақсартуға жұмыс жасауымыз керек.