Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында 15 жастағы оқушы өз-өзіне қол салды

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2021
  • 1842

Ақмола облысы Астрахан ауылында 15 жасар қыз өз-өзіне қол салды. Үйінің ауласындағы сарайда асылып  тұрған жерінен тапқан. Ашық жарқын қыздың аяқ астынан мұндай әрекетке неге барғанын  ешкім түсіне алар емес.  Полиция тергеуді бастады.

Гүлнар ПИНЧУК, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:


Аталған факт бойынша бойынша ҚР 105-бабымен «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.


Білім басқармасының мәліметінше,    жыл басынан бері ақмолалық оқушылар арасында 8 өз-өзіне қол жұмсау  жағдайы болған. Сондай-ақ 21 бала суицид жасауға әрекет жасаған.   Мектеп басшылығы да  9 сынып оқушысының қазасына сене алмай отыр. Өте ақкөңіл, көпшіл   еді деп еске алады мектеп директоры.

Сәуле БАЛАБАЕВА, АСТРАХАН АУЫЛЫ № 1 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:


Қыз көпшіл, өмірге құштар бала болып өсті. Мінезі ашық, би үйірмесіне қатысқан. Мектеп психологының айтуынша, сиуидке бейімделу белгілерін көрсетпеген. Қазіргі таңда отбасына психологиялық көмек көрсетілуде.


Ә. Дүкембаева