Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жас Өркен» республикалық балалар премиясының жеңімпаздары анықталды

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2021
  • 1185

Алматылық алты оқушы «Жас Өркен» республикалық балалар байқауында жеңіске жетті. Олар  «Көркемсөз шебері», «Жас толағай», «Жас Эколог» сынды номинациялардың жүлдегері атанды.
Республикалық шараға негізінен 400-ден аса бала қатысқан. Еліміздің түпкір-түкпірінен бақ сынады. Арасынан 30-ы топ жарды. Дарындыларды құттықтау онлайн форматта өтті. Алматылық оқушыларды Nur Otan партиясы өкілдері марапаттады. Мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Ералы САУРАНБАЕВ, АЛМАТЫ қ. МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жеңімпаздардың басым бөлігі біздің мегаполистің оқушылары болғандығы қуантады. Біз талантты балаларға әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз. Байқаудың негізгі мақсаты да сол. Балалар шығармашылығын қолдау.

Жарыстың қорытындысы бойынша, «Жас толағай» номинациясын Елназ Қалиахметке бұйырды. «Жас экологтар» - Иннокентий Трескунов пен Мағжан Ерғанатқа берілді. «Көркемсөз шебері» аталымы бойынша 9-шы сынып оқушысы Тоғжай Абай марапатталды. Ол ақындардың 80-нен аса өлеңін жатқа оқыған.

Тоғжан АБАЙ, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:

 
3 жасымнан бастап осы мәнерлеп оқуға мені тәрбиелеген Атама рахмет айтамын. Мен мүлдем күткен жоқпын. Ұйымдастырушыларға көп-көп рахметімді айтамын.

Ә. Лесбек