Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлеуметтік аз қамтылғандарға пәтердің шаршы метрі 100 теңгеден жалға беріледі

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2017
  • 3092

Шаршы метрі 100 теңге. Әлеуметтік аз қамтылғандарға "Нұрлы жер" бағдарламасымен үй салынып, шаршы метрі осынша бағамен жалға беріледі. Бірақ ол барлық қазақстандықтарға қолжетімді болмайды. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Роман Скляр айтты.

Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

Жалға берілетін пәтерлер бірінші кезекте өздігінен пәтер сатып ала алмайтын, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтарға беріледі. Бұл тұрғын үйлер тегін, бірақ сатып алу құқығы жоқ. 1 шаршы метрдің құны 100 теңге шамасында болады. 

Роман Скляр бағдарламаның жеке үй салушылардың нарығына қалай әсер ететінін де айтты. Мемлекет бұл жобаға 7 пайыз көлемінде субсидия береді. Өз кезегінде құрылыс компаниялары пәтерлерді бекітілген бағамен сатады. Мысалы, Астана мен Алматы қалаларында шаршы метрдің құны 220 мың теңге. Бұл жүйе ел бойынша тұрғын үйдің бағасын түсіруге әсер етеді. Ал 7 айда «Нұрлы жер» бағдарламасымен 6 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынған. Бұл жобаны іске асыру үшін түрлі қаржы көздерінен 445 миллиард теңге жұмсалған. Оның 75 миллиарды мемлекеттік инвестиция. Жыл соңына дейін қосымша 16 мың пәтер қолдануға берілмек.

Ләззат Ибрагимова, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқармасының төрайымы:

Жылжымайтын мүліктің бағасы теңгемен бекітілді. Нарықта өсімнің болғаны байқалмайды. Біздің банк 5 ай ішінде 76 пайыз көлемдегі ипотеканы қаржыландырды. Бірінші және екінші деңгейлі нарықта тұрақтылық бар. Бағдарлама аясында қажетті құралдарды тиімді қолдану бірегей жағдай.