Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Қазақстан қаржыгерлері конгресінің қатысушыларына бейнеүндеу жолдады

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2021
  • 1012

Мемлекет басшысы Қазақстан қаржыгерлері конгресінің қатысушыларына бейнеүндеу жолдады. Президент жиынға қатысушыларды Қазақстан қаржыгерлері конгресінің ашылуымен құттықтап, бұл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға екенін айтты.  Пандемия кезіндегі  отандық қаржы секторының жұмысын атап өтіп, "Астана" халықаралық қаржы орталығын белсенді дамыту қажетттілігіне тоқталды.  Сондай-ақ, жаһандық қаржы институттарының қарқынды дамуына орай,   қаржылық қызметтерді барынша цифрландыруға байланысты міндеттерді жүзеге асыруды тапсырды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз сындарлы мемлекеттік саясаттың арқасында бәсекеге қабілетті қаржы секторын қалыптастырдық. Қазақстанның қаржы саласы өңірдегі ең озық жүйе саналады. Бүгінде оның жиынтық активі 35 триллион теңгеден асады. Бұл – еліміздің ішкі жалпы өнімінің тең жартысынан көп.

Б. Сатуов