Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында ақбөкен атқандар сотталды

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2021
  • 1327

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген ақбөкендері атып алғандар жаза арқалады. Істі қараған Бәйдібек аудандық сотының төрағасы төрт адамның әрқайсысына 3 жыл 6 айдан жаза кесті.

Мотоциклге мінгескендер сәуір айында ұсталған. Олар мемлекетке 26 млн теңгеге жуық зиян келтірген. Ұсталғандар сирек кездесетін және құрып кетудің алдында тұрған ақбөкенннің тұмсығы, тілі мен мүйіздерін де арнайы бөлшектеп салып алғаны әшкереленген еді. Аңға шыққан төртеу - 30 бен 50 жас аралығындағы - Созақ ауданының тұрғындары. Сотталғандардың ешбірі тұрақты жұмыс істемейді деді сот төрағасы. Олар киіктерді «Қабақ»  деп аталатын мал жайылымынан атып алыпты.

А. Төребекқызы