Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайлық психиатр Рашида Сандыбаеваны өлтірген қылмыскер ісі сотқа жіберілді

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2017
  • 2352

Қостанайлық психиатр Рашида Сандыбаеваны өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Қылмыстық істі Қостанай облыстық мамандандырылған ауданарлық соты қарайтын болады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында дәрігердің өліміне қатысы бар төрт күдікті анықталған. Олар психоневрологиялық диспансердің бұрынғы бөлім меңгерушісі Зәуреш Изалдина, емхана пациенті Руслан Гафаров  және оның таныстары Китебаев пен Кодатенко. Оларға  бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр. Айыптау актісіне сәйкес сотталушылар ірі көлемде алаяқтық жасау, өзгенің үйіне заңсыз кіру арқылы ұрлық жасауға оқталу, ұйымдасқан топпен адам өміріне қастандық жасау және адам өлтіру секілді баптармен жазаға тартылмақ. Ұйымдасқан топ мүшелері 15-20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, қылмыскерлер психиатр-дәрігер Рашида Сандыбаева үстіміздегі жылдың ақпан айында өз пәтерінде жауыздықпен өлтіріп кеткен. 30 жерден пышақталған марқұмның мәйітін оның жүргізушісі тауып алған.