Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық жастар ісі жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2021
  • 1601

«Жасыл ел» бағадарламасы бойынша жұмыс істеп жатқандардың жалақысы артады. 35 мыңнан 65 мыңға дейін өсіру жоспарлануда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысында белгілі болды. Бұдан өзге жиында "Елорда жастары" бағдарламасы  аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесі талқыланды. Қуантарлығы жас буынға пәтер сатып алу жұмысы жеңілдеген. 3 мыңнан аса жас маман тұрақты жұмысқа орналасып, әлеуметтік осал топтағы 2 мыңға жуық азамат еңбекпен қамтылыпты. Сондай-ақ, кеңесте әр салада жеңіске жеткен сала майталмандар өздерінің тәжірбесімен бөлісті. Аталған шаралар еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай атқарылып, жұмысын жалғастыруда.

Енді ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды барынша жұмыспен қамту ісі қолға алынады. Түрлі жобалар бойынша жұмыс істеп жатқан азаматтардың жалақысы өседі. Осылайша, Кеңесте "Елорда жастары" бағдарламасының аясында келешекте атқарылатыны жұмыстар айқындалды.  

Қайрат ҚАМБАРОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Жалпы жыл басынан бері қаламызда 7 аула клуб ашылды. Клубтарға келетін болсақ, мына басқарма тарапында 28 аула клуб бар. 21 болған, 7 аштық. Соның 3-еуі біздің мына шеткі аймақтарда орналасқан. Сол жұмыстарды жалғастыра береміз. Жастарға көмек көрсету орталығын ашқан болатынбыз. Центр обслуживания молодежи дейміз. Осы жұмысты жалғастырп, осы аптада 3 ауданда тағы да сондай орталық ашамыз.

Бас қосуда бүгінге дейін оң нәтиже берген жобалар талқыланды. Жастар саясаты барқарма басшысы Қайрат Қамбаров жас мамандарға арналған баспаналы болу үшін жеңілдетілген несие бағдарласының орны ерекше екенін айтты. Бүгінде сатып алу құқығынсыз пәтер жалға алу жобасына  сұраныс артыпты. Сол себепті аталмыш жобалар жалғасын тапса дейді. Биыл жоба бойынша мыңнан аса пәтер бөлініпті, енді оның санын 2500-ге жеткізу жоспарланған.   

Асхат ОРАЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мемлекеттік бағдарламалар, тың жобалар 35-ке дейін қабылданады.  Ол әсіресе Президенттік жастар кадры резерві жас ғалымдарды қолдау мәселесі 35-ке дейін, кейбір жандарды 28-ге енгізеді. Сондықтан халықаралық тәжірибені ескере отырып, жақсы ұсыныстарға талпынып, елорда жастары атынан ұсынысымызды білдіреміз деген ниетіміз бар.

"Елорда жастары" бағдарламасына атсалысқан жас буынның бірі Аллаберген Сұлтан өзінің тәжірибесімен бөлісіп, өскелең ұрпақтың алға жылжуына сеп болсам дейді. Ол жылдар бойы тері ауруы-Буллезді эпидермолиз диагнозымен ауыратын сәбиелерге қолдау көрсетіп, қайырымдылықпен айналысып келеді. Енді "Елорда жастары" бағдарламасының аясында жұмысын  әрі жетілдіруді көздейді.

Сұлтан АЛЛАБЕРГЕН, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРДЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бірінші мақсат, әрине, барлық жұмыстарымызбен жартармен бөлісіп, оларға мотивация беру. Қазіргі таңда бар жағдайымыз бар. Талпындырып жастарды, жұмыс жасауға.


Жиын соңында бағдарламаға атсалысқан жастар алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, айта кету керек, жастарға арналған жеңілдетілген несие жобасы бойынша өтінім қабылдау басталып кетті. Несие 5% өсіммен 25 жылға дейін берілмек. Ең жоғарғы көрсеткіш несие құны 18 млн теңгені құрайды.

Д. Жарқынбек