Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Білім саласы мамандарының форумы өтті

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2021
  • 1377

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында "Елорданың білім белестері-тәуелсіз Қазақстан келешегі" атты форум өтті. Жиында білім беру мазмұнын жетілдіру, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқыту барысында озық технологияларды кеңінен қолдану    мәселелері айтылды. Сондай-ақ саладағы өзекті проблемалар талқыланып, оны шешу жолдары ұсынылды.

Пандемия білім саласына да әсер етті. Балалар бір жарым жыл онлайн оқыды. Мамандардың айтуынша, қашықтан білім  алу технологиясы    дәстүрлі форматты толықтыратын қабілетке ие.   Бұрын мұндай жағдайда ауырып сабақтан қалып қойған бала оқу бағдарламасынан кешігіп, тиісті білімді уақытында игере алмағаны үшін, кейін қиналатын. Ал қазір ол онлайн технологияның көмегімен үйінде жатып та сыныптастарымен қатар сабаққа қатыса алады.   Бұл бір ғана мысал. Жалпы білім беру саласында оң  өзгеріс көп, жаңашылдық жетеді.

Асима БИМЕНДИНА, САЛА АРДАГЕРІ:

Көптеген өзгерістер болды. Елбасының көшбасшылығымен көптеген жұмыс жасалды. Балалардың саны көбейіп келе жатыр, оқушылардың саны көбейіп келе жатыр.  

Форумда тәуелсіздік жылдарындағы білім саласындағы реформалар мен жетістіктер  айтылды.  Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеудегі озық технологиялар талқыланды.

Гүлшат ОТАРБЕКҚЫЗЫ, Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ТӨСБЕЛГІ ИЕГЕРІ:

30 жылдан астам ұстаздық еткеніме өзім қуаныштымын. Қаншама тәуелсіздік ұрпақтарын тәрбиелеп өсірдік. Әлі де болса артымыздан еріп келе жатқан жас мамандарға өзіміздің бағыт-бағдарымызды бере-беріміз деген ойдамын.


Ардагерлер мен жас мұғалімдердің диалогы саладағы өзекті мәселелермен жалғасты. Жалпы мұндай пікір алмасулар мамандарға  үлкен тәжірибе береді дейді-Мәжіліс депутаты.

Әмірхан РАХЫМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әрбір мемлекеттің ең негізгісі ол- білім. Сондықтан осындай форумдар, болашақта араласып бір-бірлерімен, пікір таласып, жаңа бір өздерінің тәжірибелерін айтып, болашаққа бір бағдарлама алады.  


Тәуелсіздікке қол жеткізген тұста білім саласына ерекше мән берілді.  Себебі, енді ғана дамуға бағыт алған жас мемлекетке әр сала бойынша  мықты мамандар қажет еді.   Еліміздің ертеңі  білімді ұрпаққа тікелей байланысты болды.  Саланың 30 жылда жеткен жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай. Ал алдағы міндет-онан да көп. Жиынның түйіні осы.

Б. Сатуов