Сенаторлар үш жылдық бюджет туралы заң жобасын Мәжіліске кері қайтарды. Олар құжатқа бірқатар түзетулер енгізді. Парламенттің жоғары палатасының жалпы отырыста «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралды. Сенат төрағасының айтуынша, әлеуметтік салаға 26,7 трлн теңге бөлінеді. Осы қаражат көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Дегенмен депутаттар ауыл тұрғындарын ауыз сумен, интернетпен қамтамасыз ету, фельдшерлік пункт желісін кеңейту мәселелерін де көтерді. Сенат заң жобасына бірқатар түзетулер енгізу үшін, құжатты Мәжіліске қайтару туралы қаулы қабылдады.