Русский Сайттың толық нұсқасы

Коронавирус: Қазақстандағы ахуал қалай?

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2021
  • 1229

Елде коронавирус жұқтырғандардың саны миллионға жуықтады. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өткен тәулікте індетті мыңнан аса адам жұқтырған. Ауруханадағы науқастардың 500-ден астамының жағдайы ауыр. 125 пациенттің өмірі қыл үстінде дейді дәрігерлер. Әйтсе де, жауапты ведомство  эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын айтады. Бағалау матрицасы бойынша -Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта. Нұр-Сұлтан қаласы бастаған 5 өңір қауіптілігі орташа белдеуде. Ал, 10 аймақта індеттің таралуы бәсеңдей бастаған.

А. Данияр