Қазақстан ешкіммен жауласпайды және халықаралық дауларға килікпейді. Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысқан Мемлекет басшысы осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ, тең құқылы және өзара тиімді ынтымақтастықтың құндылығын атап өтті. Қазақстан өзге мемлекеттермен ортақ міндеттемелер аясындағы жұмыстарды жалғастыра беретінін жеткізді.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Даулы мәселелер туындаса ұлттық мүддемізге сай ұтымды шешім табуға ұмтыламыз. Біз тәуелсіздік пен егемендікке, еліміздің шекарасы мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретін бірде-бір келісімге жол бермеуіміз керек. Өйткені, осы қасиетті құндылықтар біз үшін бәрінен қымбат.
А. Данияр