Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны қайтадан көбейіп келеді

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2021
  • 1812

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны қайтадан көбейіп келеді. Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, соңғы тәулікте жұқпалы дерт 1200-ге жуық адамнан анықталған. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында жағдай әлі күрделі. Мұнда сырқаттанушылары саны күн сайын артып барады. Десе де, әлемдегі эпид ахуалға қарағанда, бізде жағдай әлдеқайда тұрақты. Қазақстан - бағалау матрицасының "жасыл" аймағында орналасқан. Мамандар жағдайдың лезде ушығып кетуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Сондықтан, тұрғындар барынша санитарлық талаптарды сақтап, індетке қарсы екпе алуы керек деп отыр.

А. Данияр