Елордада тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Шараның мақсаты- жастар арасында қазақтың жаңашыл ақыны, публицист – Қасым Аманжоловтың мұрасын дәріптеу және насихаттау дейді шара ұйымдастырушылары. Ақын сөзіне жазылған «Дариға, сол қыз», «Ақ сәуле», «Алма бағында», «Орал» әндері қазақ сахнасында жиі орындалып жүр. Сондай-ақ, шара аясында Қасым Аманжоловтың отбасылық мұрағатынан алынған фотосуреттер, ақынның өмірбаяндық артефактілері, деректі материалдары мен кітаптары көпшілік назарына ұсынылды.
Мирас ҚҰТТЫБАЙ, Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:
Әдеби сазды кешімізде бастау алып отыр.Бұл кешке Қарағанды мен Нұр-Сұлтан қаласының оркестрлері, С.Сейфуллин атындағы драма театры, сонымен қатар қазақ эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева. Клара Төленбаева сияқты. Барлық шығармалар осы Қасымның әндері айтылып, өлеңдері оқылатын болады.
Ә. Дүкембаева