Русский Сайттың толық нұсқасы

Торғай өңірінде ірі қара мал белгісіз дертке шалдықты

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2021
  • 3662

Қостанай облысы Жангелдин ауданында да белгісіз мал ауруы шықты. Сиырлардың қандай дерт жұқтырғанын ветеринар мамандар  айта алмай отыр.

Шалғайдағы шаруалардың  хабарлауынша, Қарақоға ауылындағы  қожалықтардың бірінде 4 сиыр арам өлген. Белгісіз дерт басқаларына да  жұғып жатқан көрінеді. Шаруашылықта  үш жүзге жуық ірі қара бар.Түлігіміз түгел қырылып қала ма деп алаңдаймыз,дейді Нұрсұлтан Садық.  

Нұрсұлтан САДЫҚ, ШАРУА:


Біреуінде жаппай 400 бастай ауырып тұр. Біреуінде 50 бас ауырып тұр. Біздің ауыл орталығында жеке адамдардың малдары ауырып тұр.15-20 шақты үйдің.Бір табын.Барлығына стоматит деп диагноз қойды.Ауыздарынан сілекей ағып тұр.Бірақ оларда шығын болған жоқ.


Ауырған малдарда құтыру белгілері бар. Өйткені адамға атылады, дейді шаруа.Белгісіз ауруға шалдыққан сиырлар үш-төрт күн аяғын баса алмай, аузынан су ағып, арам өліп жатқан көрінеді.

Бауыржан БЕКЕТ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


4 бас өлексенің осыдан біраз уақыт бұрын өлген.Оны малшылар да мал иелері де байқамаған.Енді ол көп жатып қалғандықтан материал алуға келмей қалған. 3 бас мал ауырып тұр.олардың енді белгілерін анқытап қарадық.Артқы аяқтарына паралич секілді тұра алмайды.Сондай бір белгілер бар.Енді ол қазіргі  жағдайда түсініксіздеу болып тұр.Соған қарамастан малдар бақылауға алынды.Ем-дом жасалып жатыр.

З. Санай