Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдың Ганьсу провинциясымен іскерлік қарым-қатынас нығая түспек

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2017
  • 3695

Қытай Қазақстанмен берік әріптестік серіктестікті жан-жақты арттырмақ ниетте. Бүгін ЭКСПО-2017 көрмесі аясында аспан асты елінің Ганьсу провинциясының күні өтті. Кездесуге қос тараптан да жоғарғы ведомство басшылары келген.

Жалпы тоғыз жолдың торабында орналасқан Ганьсумен Қазақстан бұрыннан серіктес. Бүгінгі жиын мақсаты - оны жаңа деңгейге көтеру. Мысалы, «В2В» бағдарламасы аясында қос елдің іскер азаматтары бетпе бет жүздесіп, кәсіпкерлікті одан әрі дамыту жолдарын талқылайтын болады. Сондай-ақ логистикасы жақсы дамыған қаламен алыс-берісті арттыру жолдары қаралмақ. Шаһарда этникалық қазақтар бар, қала тұрғындарының 30 пайызын мұсылмандар құрайды. Сондықтан біздің елден "халал" өнімдерді экспорттау жай-жапсары да қозғалмақ.

Айдын Байеділов, Қазақстандық инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің басшысы:

Ганьсу провинциясы бірінші орында өзінің логистикасымен танымал. Біздің елмен әріптестік серіктестік орнап жатса, ғарыш саласында да толағай тың бастамаларға жол ашылар еді. Қытайдың космодромы дәл осында орналасып, ол көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқандықтан, біздің үйренеріміз көп. Кәсіпкерлер арасында да серіктестік орнайды деп сенеміз.