Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде офицер өз-өзін атып өлтірді

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2021
  • 1384

Жамбыл облысындағы  Гвардиялық гарнизон әскери бөлімінде офицер өз-өзіне қол салды. Әскери қызметкер өлер алдында хат жазып қалдырған көрінеді. Қордай ауданына қарасты Отар ауылдық округінде орналасқан  бөлімде қызмет ететін азамат түнгі кезекшілік кезінде өзін -өзі Макаров тапаншасымен жүрек тұсынан атқаны анықталды.  Оның бұл әрекетке неге барғаны әзірге белгісіз.   Марқұм  1997 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.   2018 жылы  жұмысқа қабылданған. Сол жерде жатаханада тұрған.  Отбасын құрмаған. 24 жастағы офицердің өлер алдында жазған хатында ол  ата-анасы мен туыстарынан кешірім сұраған. Сондай-ақ  хатта өзінің өліміне ешкімді кінәламайтынын  жазған. Қазір істің ақ-қарасы анықталып жатыр.

Бекен ШЫНТІЛЕУОВ, ҚР ҚК БӘПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Гвардейский гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері өзіне қол жұмсады. Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесінде және туыстарының өтінішіне орай өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Б. Жұмабай