Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда үш баласымен бірге қаза тапқан келіншектің туыстары бұл жағдайға күйеу баласын кінәлап отыр

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2021
  • 2554

Алматыда  қаза тапқан келіншек пен үш баланың денесі  бүгін жер қойнына тапсырылды. Жаназа Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданындағы марқұмның  қайын жұртында шығарылды. Тоғызыншы қабаттан екі қызы мен екі жасар ұлын лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткен келіншектің артында аңырап ата-анасы, қайғырып бауырлары қалды. Бір күнде төрт адамын қара жер қойнына берген отбасы  есін жия алар емес.  

Бір күнде төрт адамды жер қойнына тапсырып жатқан Үлгілі ауылында өлі тыныштық орнағандай. Көшеде көңіл айтқандар мен жаназаға қатысып шыққандардан бөтен ешкім жоқ. Қаралы отбасындағы жағдайды тіпті айтып жеткізу мүмкін емес. О дүниеге өзімен бірге  үш сәбиін қоса алып кеткен келіншектің туыстары қыздарының мұндай әрекетке баруына   күйеуі кінәлі дейді.     

Оразгүл МЫРЗАБЕКОВА, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:

Әке-шешесі менің балам жуас еді деп жатыр ғой, ондай бала емес ол. Ол бала казинода ойнайтын бала, карта ойнайтын бала сондай бала болған. Бесінші этажда тұратын бір әйел барлығын айтып берді. Бұл жерде жанжал қатты үлкен жанжал боп тұрушы еді,- деді. Біз бәріне куәміз -деді.

Бұл айтқандарды марқұм Бақтыгүл Қыдырбаеваның туған әпкесі толықтыра түсті. Жеті жылғы жұбайлық өмірде сіңлім күйеуін еш жамандаған емес деген Жанар сіңлісінің қиналып жүргенін тамыз айында ғана біліпті. Айтуынша, бар кикілжің араға үш балалы бақуатты келіншек пайда болғаннан басталған көрінеді.

Жанар ҚЫДЫРБАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ ӘПКЕСІ:

Сол Эльвираның темасы қалай басталды сол кезде уже ішіндегісін сидыра алмады бар ғой, «мен уже бәрінен тойып кеттім уже ше, шыдай алмайм мен» деп маған айтатын. Әй жындысың ба, сен жұмысқа кіріп ал, бала-шағаңды ауылға тастап кетсей. Нормально өзің состояниеңді көтеріп алғаннан кейін бала-шағаңды қайтып алып келесің деп айттым мен оған ше. Сөйткен едім «жоқ, мен бала-шағамды ешкімге сенбеймін. Оған қарамайды, ауылда қап-қара боп кетеді күнге күйіп деді да.

Бірақ мұндай ауыр шешім қабылдайды деп ойламадым деп егіліп отыр. Жанар Бақтыбаева сіңлісі жазып қалдырған хатта «кінәлілер» деп қайын жұртың меңзеген болар деген ойын бүкпеді.
 
Жанар ҚЫДЫРБАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ ӘПКЕСІ:

Ешкімді кінәламаймын, мен кешіріңіздер, кінәлілер өздері біледі» дегенде мен ойладым Нұрсұлтанның бүкіл семьясымен соларды айтқан шығар деп ше. Нұрсұлтанды жақсы көргеннен кейін деп ойладым өзім. Мен өзім өлсем бала-шағам қараусыз қалады деп..ешкімге сенбей сол іске барды деп ойлайм.

Ал үш немересі мен келінін жерлеген қаралы отбасы бүгін   бұған қатысты ештеңе айтпады.  Балалардың әкесі де тілшілерге тіс жарған жоқ.  Мәселенің анық-қанығын енді құзырлы орындар анықтайды.  

А. Төребекқызы