Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда «Пош-Тараз» серіктестігінің жұмысшылары желтоқсан айынан бері айлықтарын ала алмай жүр

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2017
  • 2902

Жамбылда жалақы дауы. «Пош-Тараз» серіктестігінің жұмысшылары желтоқсан айынан бері айлықтарын ала алмай жүр. Айтуларынша, малдың жүнін жуатын мекеме елуден аса қызметкерінің еңбек ақысын 7 айы бойы бермей келеді. Қарыз қашан қайтарылады? Данияр Әлімқұл біліп көрді.

Былтыр да осы болды. Желтоқсан, қаңтар қарыз болды. Артынан жүгіріп ит боласың.

Адал еңбегінің ақысын ала алмаған бұқара осылай деп шуласты. Айтуларынша, 50-ден аса жұмысшының еңбек ақысы 7 айдан бері берілмепті. Ал, берешекті береміз деген құр сөз, құрғақ уәде әбден қажытты, дейді.

Айгүл Асқарова, Тараз қаласының тұрғыны:

Қараша айында көбісі алмаған. Желтоқсан айы бар. Сортировка жұмыс істеп жатыр, біздің цех бар. Ремонт болып жатыр. Жұмысшылар соған қарамастан істеп жатыр. Ал біздің шыдамымыз бітті.

Ардақ Төлендиева, Тараз қаласының тұрғыны:

Біз қаңтар, желтоқсан алған жоқпыз және маусымда алған жоқпыз. Бірі күні келдік, «оны күні береміз» деген бастығы. Келсек 15-і деді, тағы жоқ.

Жұмысшылардың көбі шаһар шетінде орналасқан фабрикаға 30-40 мың теңге үшін көрші аудандардан келіп қатынайды.

Саватхан Мустыбекова, Тараз қаласының тұрғыны:

Маусымның айлығын, желтоқсанның айлығын күнде ертең-күнде ертеңмен жүрміз. Міне балалар оқуға бару керек. Жолға күніге ақша төлейміз. Заттың бәрі қымбаттап жатыр. Сонда біз не істеуіміз керек?

Ал жұмыс беруші мекеме басшыларының бірі жөн сұрай барған журналистерді жолатқысы келмеді. Дегенмен, мән-жайды былай түсіндірді.

Бауыржан Найзақұлов, «Фабрика Пош-Тараз» ЖШС қаржы директоры:

Бірінші тамыздан бастап жаңа қожайынбыз. Осы өндіріс орынына келгенбіз. Бұрынғы иесі господин Момышевтен біз подконтрольный пакет алғанбыз. Бүкіл қарыздың бәрі Момышевтікі. Ол кісі, мырза айтқан бәрін жабамын деп. Жаппай кетті ма енді. Ертең деді, азанда сөйлескенімде. Қазір телефоны өшіп тұр.

Данияр Әлімқұл, тілші:

Қ
азір мекемеде құрылыс жұмыстарына байланысты жұмыс уақытша тоқтап тұр. Белгілі болғандай, серіктестіктің 50-ден аса жұмысшыға берешегі 12 млн теңге. Осылай деген жун жуатын фабриканың жаңа басшылығы бұрығы иесімен байланысып, қарызды тездетіп қайтармақ. Ал жалақысына жете алмаған жұрт, апта аяғына дейін алмасақ, прокуратураға арызданамыз, деп отыр.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ