Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінен мәйіт табылды

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2021
  • 2379

Шымкентте жалдамалы пәтерлердің бірінен қыз баланың мәйіті табылды. Оны пәтер иесі көріп, полицияға хабар берген. Үй егесінің мәліметінше, белгісіз жағдайда ажал құшқан 23 жастағы қыз пәтерді үш күнге жалға алған көрінеді.  Екі күн байланыста болған ол үшінші күні мүлдем хабарсыз қалды дейді. Сондықтан өзі іздеп келіп, үйге кіргенде  мәйітті көрген.  Полицияның мәліметінше, мәйіт іште бір тәуліктей жатып қалған.    

Мөлдір БЕКЕЕВА, ШЫМКЕНТ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Күдікті азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 1990 жылы туылған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

А. Төребекқызы